Ақмола полицейлері 7 млн теңгенің малын ұрлаған күдіктілерді ұстады

Сурет: polisia.kz
Ақмола полицейлері 7 млн теңгенің малын ұрлаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жақсы ауданының Белағаш ауылының тұрғыны 12 тамызда ұсақ малдың ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінді. Жергілікті кәсіпкердің айтуынша, белгісіз біреулер шалғай учаскенің аумағынан 123 қойды ұрлап кеткен және 7 млн теңгеден астам залал келген.

Полиция қызметкерлері осы фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 4-бөлігі ("Мал ұрлығы") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Жақсы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікке ілінген топтың 4 мүшесін әшкерелеп, ұстады. Бір қызығы, ұсталғандардың бірі жәбірленушінің туған жиені болып шықты және ол мал басының саны мен орналасқан жері туралы нақты ақпаратты білген.

Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде ұсталғандардың төртеуі де Атбасар тұрғыны және ет өнімдерін сатып алушылар екені анықталды. Олар ұрланған қойдың етін жергілікті дәмханаларға, ет дүкендеріне және адамдарға сатқан. Барлық айғақ арнайы тергеу іс-шаралары барысында расталды.

Полицейлер ұсталғандардың басқа да осындай қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды