Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тауар айналымы 3,5 есе өсті

Сурет: primeminister.kz
Қазақстан мен Вьетнам Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 21 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен Вьетнам Социалистік Республикасының өндірістік және сауда министрі Нгуен Хонг Зиен 2023-2025 жылдарға арналған Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі үкіметаралық бірлескен іс-қимылдар жоспарына қол қойды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Құжат сауда, инвестициялар, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, атап айтқанда, жеткізілетін тауарлар номенклатурасын арттыруға, стандарттау жөніндегі арнайы экономикалық аймақтар мен ведомстволар саласындағы өзара іс-қимылға, вьетнамдық ауыл шаруашылығы технологияларының трансфертіне, Алматы мен Хошимин, Ақтау және Дананг арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ Қазақстан-Вьетнам Іскерлік кеңесін құруға бағытталған.

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тауар айналымы 2023 жылғы қаңтар-маусым айларында $610,9 млн құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 есе жоғары ($174,7 млн).

Қазақстаннан Вьетнамға экспорт 2023 жылғы қаңтар-маусым айларында 4,7 есеге өсіп, $116,6 млн құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі