Маңғыстау облысында салмағы 7 келіге жуық бала дүниеге келді

Сурет: pixabay
Маңғыстау облыстық перинаталды орталығында салмағы 6 келі 880 грамм болатын бала дүниеге келді, деп хабарлайды Zakon.kz lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Баланың анасы Мұнайлы ауданында тұрады, бұл - оның төртінші баласы.

Дәрігерлердің айтуынша, ананың да, баланың да жағдайы жақсы. Анасына кесар тілігі арқылы ота жасалған.

"Тексеру барысында босанатын әйелдің баласы өте ірі екенін түсіндік. Содан ақылдаса келе, оны кесар тілігі арқылы босандыруымыз керек деп шештік. Ота сәтті аяқталды. Мұндай жағдай сирек кездеседі, өйткені осындай салмақпен сәбилердің дүниеге келуі - ерекше құбылыс". Облыстық перинаталды орталықтың баспасөз қызметі

Бала мен ана бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болып, үйіне шығарылды.

Шыққан кезде нәрестенің салмағы 6 келі 280 грамм болған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды