Алматыда жолайырықтың жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше жол учаскесі жабылады

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Алматыда Сәтбаев көшесіндегі жолайрықты жөндеу жұмыстарының жүргізіліп жатуына байланысты бірнеше жол учаскесі жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол жабыны жағдайын зерттеу қорытындыларына сәйкес, биылғы жоспарға ұзындығы 3,1 шақырымды құрайтын Сатбаев-Жандосов-Байзақов көшелерінің қиылысындағы жолайрық қосылды, деп хабарлайды қала әкімдігі.   

Сәтбаев пен Байзақов көшелерінің қиылысында 25 тамыз сағат 23-00-ден 26 тамыз сағат 06-00-ге дейін батыс бағытта Манас көшесіне дейін, Байзақов көшесінің бойымен Құрманғазы көшесінен Жандосов көшесіне дейін жол жабынын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. 

25 тамыз сағат 23-00-ден 26 тамыз сағат 6-00-ге дейін Сәтбаев-Байзақов көшелері бойымен Мүсірепов көшесінен батыс бағытта Сәтбаев көшесінен Байзақов көшесіне солтүстік бағытта, Жандосов көшесінен Байзақов көшесіне солтүстік бағытта қозғалыс шектеледі, Әуезов көшесі, Абай даңғылы бойымен Манас көшесі, Бұқар Жырау бульвары бойымен айналма жол тиісті схемамен ұйымдастырылады.

Байзақов көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі съезд бойынша шығыс бағытта көлік қозғалысы жабылатын кезде штаттық режимде жүзеге асырылатын болады.

Әкімдік қала тұрғындарын уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырады.  


Сурет: Алматы қалалық әкімдігі


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек