Екібастұзда теміржол бойында күкірт қышқылы төгілді

Сурет: Павлодар облыстық ТЖД
Екібастұзда теміржол бойында күкірт қышқылы төгілді, тасымалданып келе жатқан күкірттің жалпы көлемі 78 тоннадан асады, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгін, яғни 28 тамыз күні сағат 16:40-та әскерилендірілген теміржол күзетінің кезекшісінен Екібастұз қаласы, Екібастұз-2 станциясы, № 6 жол цистернадан күкірт қышқылының ағып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Тасымалданатын күкірт қышқылының жалпы көлемі - 78,3 тонна яғни 2 вагон.

"Оқиға болған жерді полиция басқармасының, әскерилендірілген теміржол күзетінің қызметкерлері қоршауға алды. Сол жерде ЖАО, ТЖД, ҰҚК, прокуратура, ПЮ, СЭД қызметкерлері мен тасымалдаушы өкілдерінен тұратын жедел штаб құрылды", - делінген хабарламада.

Сурет: Павлодар облыстық ТЖД

Қазіргі уақытта қышқыл төгілген жерге құм және әк себіліп жатыр. Бұдан бөлек, ҚТЖ-ға 300 келі әк жеткізілді. 

"Қосымша Үшқұлын станциясынан 5 тонна әк жеткізу жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде Үшқұлын станциясынан транзиттік поезбен күкірт қышқылын жою үшін сыйымдылығы 65 тонна болатын екі қышқыл цистернасын жеткізу ұйымдастырылды. Сағат 21.00-дегі жағдай бойынша цистерналар жолда", - деп толықтырды департамент.

Қышқылды басқа резервуарларға құю бойынша жұмыстарды жүргізбес бұрын ТЖД құтқарушылары күкірт ағып кеткен жерге таңғыш салу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз