Вице-министр Сағындықова 85 мың теңге жалақы алатындарға қатысты пікір білдірді

Сурет: Zakon.kz
29 тамызда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова кітапханашының 85 мың теңге көлеміндегі жалақысымен Қазақстанда бір ай өмір сүру қаншалықты мүмкін екендігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру мәселесіне арналған ОКҚ алаңындағы "дөңгелек үстел" барысында журналистер Еңбекмин өкілдерінің бірі Қазақстанда кітапханашының 85 мың теңге жалақысына бір ай өмір сүруге болатынын айтқанын еске салды. Осыған байланысты біздің елімізде бір айда қалыпты жағдайда өмір сүру үшін қанша сома жеткілікті болатындығына қатысты сұраққа вице-министр Назгүл Сағындықова жауап берді.

"Менің ойымша, 85 мың теңге адамның сапалы өмір сүруі үшін жеткіліксіз. Сондықтан Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықтың табысын арттыру бағытында тұрақты жұмыстар жүргізіп келеді. Бірінші кезекте бюджет саласы қызметкерлерінің, оның ішінде дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысын арттыруға баса назар аударылуда". Назгүл Сағындықова

Бұл ретте вице-министр бір айда сапалы өмір сүруге жеткілікті ақшаның нақты сомасын атай алмады, бірақ қызметкерлердің біліктілік деңгейін ерекше сөз етті.

"85 мың теңге. Әрине, бізде осындай көлемде жалақы алатын адамдар бар. Бірақ бұл, ең алдымен, біліктілігі жоқ қызметкерлер мен жұмысшылар екенін естен шығармалық. Яғни, жұмысшылардың біліктілігі неғұрлым көп болса, жалақы да соғұрлым жоғары болады". Назгүл Сағындықова

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 22 тамызда Үкімет дәлізінде журналистерге берген сұқбатында Қазақстанда 85 мың теңге жалақымен өмір сүру қиындау болатынын мойындады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Қазақтың алғашқы әйел дәрігері Аққағаз Досжанова туралы не білеміз

Қазақстан үкімет отырысын өткізудің жаңа форматына көшті