Ақмолалық қыздың атына микрокредиттік ұйымдар арқылы бірнеше несие рәсімдеген күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
11 тамызда Көкшетау полиция басқармасына облыс орталығының 23 жастағы тұрғынынан алаяқтық фактісі туралы өтініш түскен, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қыз бала белгісіз тұлғаның оның атына түрлі микрокредиттік ұйымдарда жалпы сомасы 2 млн 244 мың 630 теңгеге онлайн несие ресімдегенін хабарлады. Жәбірленуші өз сөзінде оған несие бойынша берешекті төлеу қажеттілігі туралы қоңыраулар түсе бастағанын түсіндірді.

Ақмола облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті тұлғаны ұстады. Қазіргі уақытта оның аталған фактіге қатысы тексеріліп жатыр.

Тексеру барысында күдікті адам жәбірленушінің сеніміне кіріп, ұзақ уақыт бойы қыздың жеке телефонын өз еркімен қолдана алатыны белгілі болды.

Полиция басқармасы аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі бойынша (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады