Ақмола облысының полицейлері үйінен кетіп қалған жасөспірімді іздеп тапты

Сурет: polisia.kz
Ақмола облысының полиция қызметкерлері үйінен кетіп қалған жасөспірімді іздеп тапты. 15 жастағы жеткіншек бұған дейін де үйінен бірнеше рет кетіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көкшетау қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан 15 жастағы қызын іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш келіп түсті. Ол 27 тамызда сағат 14.00 шамасында үйден кетіп, оралмаған. Бұрын жасөспірім бірнеше рет үйден кетіп, түнгі уақытта үйден тыс жерде болғаны және қоғамдық жерде алкоголь ішкені үшін ювеналды полиция бөлімінде есепте тұрғаны белгілі.

Жоғалған адамның орналасқан жерін анықтау үшін полиция қызметкерлері қыздың әлеуметтік желілердегі байланыстары мен профильдерін, сондай-ақ жасөспірімнің болу және қоныс аудару орындарын тексерді, қаланың бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері жоғалған адамды құрбысымен бірге жалдамалы пәтерден тапты. Қызға қатысты ешқандай заңсыз әрекеттер жасалмағаны анықталды.

Осы факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Материалдар Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыдағы оқу-жаттығу кезінде полицейлер зардап шекті