Алматыда Есентай өзеніндегі көпір түнгі мезгілде жабылады

Сурет: pixabay
Алматыда әл-Фараби даңғылының бойындағы Есентай өзеніндегі көпір түнгі мезгілде жөндеуге жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz Almaty Joly Telegram-каналына сілтеме жасап.
"Биыл шілдеде Есентай өзеніндегі көпірдің апатты жағдайына байланысты техникалық сараптама қорытындысы бойынша жаңғырту жұмыстары басталған болатын. Көпірді жаңғырту жұмыстары аясында беларқалар күшейтіліп, ескілері алынып, 96 жаңа аралық құрылыс плита орнатылды, гидроизоляция жасалып, асфальтбетон жабынының төменгі қабаты төселді", - делінген хабарламада.

Ауа-райы қолайлы болса, 31 тамыз сағат 23:00-ден 1 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін Сейфуллин даңғылынан Жароков көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен шектеліп, жол жабының жоғарғы қабаты төселеді. 

Жөндеу аумағын Сейфуллин, Назарбаев, Достық даңғылы, Тимирязев, Жароков, Ерғожин, Розыбакиев және Мұстафин көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Бұл 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған