Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуовтың өкілеттігі тоқтатылды

Сурет: parlam.kz
Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуовтың өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғалымжан Алмасбекұлы Елеуовтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін", - делінген хабарламада.

Ғалымжан Елеуов 1978 жылы 10 қазанда Ақтөбеде дүниеге келген. 

2001 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын "Хирургия" мамандығы бойынша бітірген. Білімі: жоғары медициналық, жоғары заңгерлік. Медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.

Әр жылдары хирург, бірқатар медициналық орталықтың директоры қызметтерін атқарды. 2020 жылғы желтоқсан айында ол Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат болды. 2023 жылғы наурыздан бастап Amanat партиясының партиялық тізімі бойынша депутат болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз