Пригожиннің ұшағы апатқа ұшыраған кезде қаза тапқан стюардесса Қазақстанда жерленді

Сурет: Facebook/kristina.yadrevskay
30 тамызда Рудныйда "Вагнер" жалдамалы жасағының басшысы Евгений Пригожиннің бизнес ұшағы апатқа ұшыраған кезде қаза тапқан стюардесса Кристина Распопованың денесі жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды Zakon.kz .

"Агенттік" Telegram арнасының жазуынша, марқұмның анасы Қазақстанда тұрады.

Марқұмның әпкесі Елена Абраменкова Распопованың жеке басын растау үшін ағасы ДНК сараптамасын тапсырғанын айтты.

Кристина Распопова – Челябі облысы, Еманжелинск қаласы прокурорының орынбасары Евгений Распоповтың әпкесі.

Қайғылы жағдайдын сәл бұрын қыз туыстарына рейстің кешігіп жатқанын айтып, шағымданған.

Евгений Пригожиннің бизнес ұшағы апатқа ұшыраған кезде экипаждың үш мүшесі мен жеті жолаушы қаза тапты: кәсіпкердің өзі және оның жақын адамдары, соның ішінде "Вагнер" жасағының командирі Дмитрий Уткин де бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды