Мемлекет басшысы: Жыл соңына дейін халқымыздың саны 20 миллионға жетеді

Сурет: amanatpartiasy.kz
Елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Мұндай нәтижемен жыл соңына дейін халық саны 20 миллионға жетеді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жолдауында айтты.

"Азаматтардың мүддесі мен сұранысы – Қазақстанның экономикалық даму стратегиясының өзегі" деп атап өтті президент. 

"Адамның қажеттілігі әрдайым басты назарда болады. Сол үшін шикізатқа тәуелді болудан біртіндеп арылуымыз қажет. Бұл жұмыс табанды түрде жүргізілуге тиіс. Жыл соңына дейін халқымыздың саны 20 миллионға жетеді. Өмір сүру ұзақтығы да артып келе жатыр. Былтыр бұл көрсеткіш 74 жастан асты. Қазақстан – әлемдегі ең жас мемлекеттің бірі. Азаматтарымыздың орташа жасы – 32 жас. Тұрғындардың үштен бірі – жастар". Мемлекет басшысы

Президенттің айтуынша, демек үкіметтің міндеті – қазіргі демографиялық ахуалды еліміздің бәсекеге қабілетін арттыруға пайдалану болуы керек.


"Адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады. Сондықтан біз жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз".Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан
Президент Жолдауы - 2023

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды