Атырауда құны 67 млн теңге болатын заңсыз темекі өнімдері анықталды

Сурет: видео скрині
Атырауда құны 67 млн теңге болатын заңсыз темекі өнімдері анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің рейдтік іс-шаралары барысында 67 178 454 теңге сомасына 96 069 қорап заңсыз темекі бұйымдары анықталды.

"Кәсіпорын өз қызметін мемлекеттік кірістер органдарында темекі өнімдерін көтерме сатушы ретінде тіркеусіз жүзеге асырды. Бүгінде салықтық тақырыптық тексеру актісі жасалды", - делінген Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан хабарламада.

Қорытындысы бойынша тексеру материалдары процестік шешім қабылдау үшін сотқа беріледі.


Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды