ОСК Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум өткізуге дайын

Сурет: freepik
Мәжіліс кулуарынд ҚР ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов сайлау комиссиясы Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі бойынша референдум өткізуге дайындалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Референдум өтетін күн кейінірек белгіленеді, бірақ ОСК қазірдің өзінде дайындықты бастап кеткен.

"Барлық қажетті дайындық жұмыстарын, соның ішінде сайлаушылар тізімін жасау, аумақтық сайлау комиссиялары атқаруы тиіс жұмыстарды жүргізу, бәрін жоспарлы режимде жүргізуге дайынбыз", – деді Шавкат Өтемісов.

ОСК мүшесі Қазақстанда атом электр стансасын салу бойынша референдум нақты қашан өткізілетіні әлі белгісіз екенін айтты.

"Бұл жөнінде бізде ешқандай ақпарат жоқ". Шавкат Өтемісов

Шавкат Өтемісов референдум биыл өтетін болса, ОСК мұндай шешімге дайын екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында АЭС салу мәселесіне қатысты түпкілікті шешім референдум арқылы қабылданатынын айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды