Тимур Құлыбаев "Олимпизм 365" ХОК комиссиясының мүшесі болып қайта тағайындалды

Сурет: ҰОК
Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев қайтадан "Олимпизм 365" Халықаралық олимпиада комитеті комиссиясының мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жөнінде ХОК президенті Томас Бах ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетіне хат жолдаған.
"Осы жылға арналған ХОК комиссияларының құрамын қарап, олардың төрағаларымен кеңесіп, мен сізді "Олимпизм 365" ХОК комиссиясының мүшесі етіп тағайындағаныма өте қуаныштымын. Комиссия жұмысына қосып жатқан үлесіңіз үшін рахмет", – делінген хатта.

Тимур Құлыбаев 2022 жылдан бері "Олимпизм 365" ХОК комиссиясының мүшесі.


Бұрынырақ ол спорт арқылы қоғаммен байланыс және әлеуметтік даму жөніндегі комиссия деп аталған, онда ҚР ҰОК президенті 2017 жылдан 2022 жылға дейін комиссия мүшесі болды. 2022 жылдың қыркүйегінде ХОК президенті Томас Бах ХОК комиссияларының қызмет бағыттарын қайта қарау және кеңейту нәтижесінде оның атауын "Олимпизм 365" ХОК комиссиясына ауыстырды.


Биыл Тимур Құлыбаев 2023-2026 жылдар кезеңіне Азия Олимпиадалық кеңесінің (АОК) вице-президенті лауазымына қайта сайланды. Сондай-ақ, ол Ұлттық Олимпиадалық комитеттері қауымдастығының (ҰОКҚ) Атқарушы комитетінің мүшесі.


ХОК президенті Томас Бах ХОК комиссия мүшелерін тағайындайды және олар оның қызметін үйлестіретін, стратегияларды әзірлейтін, сондай-ақ, ХОК атқару комитетіне және ХОК жұмыс сессияларына шешім қабылдау үшін ұсыныстар енгізетін ХОК жұмыс органдары болып табылады.

Қазақстан
Құлыбаев Тимур

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді