Қорғаныс министрлігі: Әскерден жалтаратындар саны азайып келеді

2023 жылғы 8 қыркүйекте Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері қазақстандық жастардың әскери борышын өтеуге деген көзқарасы өзгергенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

ҚР ҚК Бас штаб Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстар департаменті бастығының орынбасары полковник Азамат Дусимовтің сөзінше, Республика бойынша әскерге шақыру ресурстары жеткілікті, сондықтан әскерге шақырылғандардың елден тыс жерлерге кетуі туралы кез келген ақпарат шындыққа жанаспайды.

"2022 жылы объективті және субъективті себептер бойынша әскери қызметтен жалтарған адамдардың саны екі есеге азайды", – дейді ол.

Бұл ретте ол жастардың әскерден босатылу себептерін атады.

"Біріншіден, бұл денсаулық жағдайы. Психологтар әскерге шақырылған азаматты зерттеп, шақыру керек пе, жоқ па, соны шешеді. Оқуды кейінге қалдыру да бар. Қазір ата-аналар жастарды әскерге жіберіп, кейін жеңілдіктер берілетін оқу орнына түсіру үшін жиі хабарласады". Азамат Дусимов

Қарулы күштердің басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың оқу орталықтарында әскери есепке алынатын мамандықтар бойынша даярлық жүргізуде. Бұл - экономиканың нақты секторында қажетті мамандар. Оларға мемлекеттік үлгідегі куәліктер бере беріледі. Бұл туралы ҚР Қарулы Күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы генерал-майор Бауыржан Артықов сөз етті.

"Жоғарғы және жоғары білімнен кейінгі білім берудің 70-тен аса мекемелері Қорғаныс министрлігімен мерзімді әскери қызмет өткерген адамдарға білім беру секторында қосымша жеңілдіктер ұсыну жөніндегі келісімге қол қойды. Бүгінгі таңда әскерде қызмет өткерген 180 астам қазақстандық ақысыз негізде, 400-ден астамы ақылы негізде жоғары оқу орындарына түсті", - деді спикер.
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: