Еліміздегі 11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Сурет: freepik
"Қазгидромет" РМК 11 қыркүйекке арналған Қазақстан аумағы бойынша синоптикалық жағдай мен қолайсыз ауа райы құбылыстарының болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжауынша, 11 қыркүйекте республикамыздың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, қатты жел тұрады.

"Циклон және онымен байланысты жүрген фронтальды бөліктер еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағайдың болуына ықпал етеді. Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, орталығында қатты жаңбыр болады деп күтіледі. Республикамыздың солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында екпінді жел тұрады, ел орталығында бұршақ түседі, ал солтүстік, солтүстік-батыс өңірлерде тұман түседі, сондай-ақ оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл тұрады деп болжанады". "Қазгидромет" РМК


Қызылорда облысының орталығында, шығысында,  оңтүстігінде, Атырау өңірінің солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, сондай-ақ өңірдің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының орталығында өрт қаупі жоғары.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды