Екатеринбург – Алматы тасжолында КамАЗ бен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты

Сурет: polisia.kz
Екатеринбург – Алматы тасжолында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

10 қыркүйек күні сағат 21:16-да Атбасар аудандық полициясының кезекші бөліміне Екатеринбург – Алматы тасжолында орналасқан Нұрлыжол кафесінің жанында, 998-шақырым жол қиылысында жол апаты болғаны және зардап шеккендер бар екені туралы хабар түскен. 

Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары Атбасар қаласының 43 жастағы тұрғыны мінген КамАЗ көлігінің Екатеринбург – Алматы автожолымен жүріп келе жатып, Toyota Estima көлігіне соқтығысқанын анықтады.

Апат салдарынан оқиға орнында Toyota Estima автокөлігінің 72 және 57 жастағы жолаушылары қайтыс болды. Тағы екеуі түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Осы фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша ("Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы") бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты