Павлодар облысында мешіттен ақша ұрлаған тұрғын сотталды

Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында мешіттен ақша ұрлаған тұрғын сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Іс материалдары бойынша, осы жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында айыпталушы Тереңкөл ауданының екі ауылынан, Шарбақты ауданы, Ақсу қаласының ауылдық жеріндегі орналасқан мешіттерден садақаға қалдырылған ақшаны бірнеше рет ұрлаған және ұсақ-түйек жымқыру әрекеттерін жасаған.

Тереңкөл аудандық сотында бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қаралған болатын. Ер адамға қатысты тағылған қылмыстар мен үкімдердің жиынтығын ескере отырып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеумен үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді. 

Аталған үкіммен келіспей, азамат апелляцияға берген. Шағымда оның жазасын жеңілдетіп, бас бостандығынан айырмауды сұраған еді. Іс Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында қарастырылды. 

Прокурор мен жәбірленушілердің өкілдері 2023 жылғы 28 шілдедегі үкімді өзгеріссіз, апелляциялық шағымды қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.

"Тереңкөл аудандық сотында шығарылған үкімді өзгеріссіз, сотталушының апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырылды".  Павлодар облысы сотының баспасөз қызметі

Қаулы заңды күшіне енді.

Еске салайық, наурыз айында Қарағанды тұрғыны Тереңкөл ауданының Қызылтаң ауылында ешкім бақыламайтынын пайдаланып, 140 мың теңге сомасында ақша қаражатын ұрлаған. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты