Қазақстанның қай қаласында жол-көлік оқиғасы жиі тіркеледі

Сурет: Zakon.kz
Сарапшылардың мәліметінше, 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 8,3 мың жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл бір жыл бұрынғыдан 12,5%-ға аз: 2022 жылы жол-көлік оқиғаларының саны 9,4 мың болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 12 қыркүйегінде жарияланған Ranking.kz зерттеуіне сүйенсек, жол-көлік оқиғалары көбіне Алматыда тіркелген: жыл басынан бері – 2 мың ЖКО.

Үштікке мына екі облыс кіреді:

Бір айта кетерлігі, жол-көлік оқиғасы Ұлытау облысында аз тіркелген: 42 жағдай.

Сарапшылардың айтуынша, одан кейін Атырау және Қарағанды ​​облыстары тұр: сәйкесінше 200 және 208 жағдай.

Зерттеуде жазатайым оқиғалардан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жөнінде де мәлімет келтірілген:
"2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында жол-көлік оқиғасы салдарынан 11,9 мың адам зардап шекті, 2,4 мың кәмелетке толмағандар зардап шекті, 1,5 мың адам қаза тапты".

11 қыркүйек күні Теміртауда үш ауыр жүк көлігі соқтығысып, жүргізушілердің бірі аяғынан айырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды