Интернет қуалаған мұғалім: Түркістан облысында мұғалімдер интернет үшін тас жолды жағалауға мәжбүр

Түркістан облысындағы Аққұм ауылының мектеп мұғалімдері электронды журналды толтыру үшін күнде ноутбукпен жақын маңдағы тас жолға шығуға мәжбүр. Бұл – ауылдағы интернет ұстайтын жалғыз орын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz хабарлағандай, Аққұм ауылында интернет пен байланыс мәселесі  көптен шешілмей келеді: мектеп оқушылары информатиканы тек теориялық түрде меңгереді, ал ұялы телефонмен сөйлесу үшін тауға шығуға тура келеді.

Бәрінен де ауыл мұғалімдері қиналып жүр: электронды журналдарды күнде толтыруға тура келеді, ал интернет жақсы ұстайтын жалғыз орын жақын маңдағы тас жолдың жанында орналасқан. Мұғалімдер облыс орталығынан жіберілген хаттарды дер кезінде ашпағаны үшін сөгіс алады. Мектепте интернет болғанымен, трафик айына 10 ГБ-пен шектелген – бұл үш күнге ғана жетеді әрі қосылу жылдамдығы да өте төмен. Мұғалімдер осы режимде екі жылдан астам жұмыс істеп келе жатқанын айтып, шағымданды.

Жергілікті билік бұл жағдайдан хабардар: шенеуніктер ауылда спутниктік станция орнатылғанын айтады, бірақ одан жағдайдың өзгере қойғаны шамалы. Жылдамдығы жоғары интернетке қосылу үшін 45 метрлік мұнара қажет, бірақ оны орнату жөнінде ұялы байланыс операторымен келісу мүмкін болмады. Олар оптика ауылға келесі жылы ғана әкелінетінін айтқан.

Қазақстандағы интернет Токиоға қарағанда жақсырақ деген сөзінен кейін біраз хейтке ұшыраған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елде интернет және байланыс сапасына қатысты мәселелер бар екенін ақыры мойындады.

Шымкент
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: