Риддердегі ЖЭО-ны реттеу жұмыстарына 7,3 млрд теңге бөлінді

Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңір әкімі Ермек Көшербаевпен бірге Өскемен және Риддер ЖЭО-ларында болып, жаңа жылыту маусымына дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірдегі жылу нысандарында жөндеу жұмыстары аяқталып, ЖЭО іске қосу-баптау кезеңіне дайындық үстінде.

Қазір Риддер ЖЭО-ны күрделі жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Стансаны жөндеуге Үкімет резервінен 7,3 млрд теңге бөлінді. Биыл моноқаланың жылу желілерін күрделі жөндеуден өткізуге 1,1 млрд теңге бағытталды. Сондай-ақ өндіріске тартылған инфрақұрылымды жөндеуге жергілікті бюджеттен 500 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.

Сурет: primeminister.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасарына Риддер ЖЭО-да іске қосу-реттеу жұмыстары белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатқаны туралы айтылды. № 1, 2, 3 қазандық агрегаттарын жөндеу аяқталуға жақын, экрандардың беттері жиналып, орнатылды, бір күн бұрын қазандықтар тазалау жұмыстарын жүргізу үшін сумен толтырылды.

Сурет: primeminister.kz

Сонымен қатар делегация жұмыс сапары барысында Өскемен ЖЭО-ға да барып қайтты. Мұнда жөндеу жұмыстары алдыңғы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін бірден басталған еді. Бүгінгі таңда стансаның дайындығы 80%-дан асады, 5 қазандық агрегаты мен 8 турбоагрегат жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстарының бағдарламасы қазан айына дейін аяқталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты