Алматыда 5 күннің ішінде қоғамдық орындарда түкірген 70-тен астам азамат айыппұл арқалады

Сурет: Zakon.kz
Алматы полициясы қоғамдық орындарда түкіргендер жазаланатынын тағы да еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл әрекет ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2 бабымен квалификацияланады.

"Айта кету керек, Алматы тұрғындары белсенділік танытып, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуда. Олар қол жетімді байланыс арналарын пайдалана отырып, ұсақ құқық бұзушылықтар туралы хабарлайды. Жыл басынан бері “102” қосымшасы арқылы азаматтар 10 мыңға жуық хабарлама жолдаған. Ең жиі кездесетіні – адамдардың қоғамдық орындарда түкіруі". Алматы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Ержан Ұзабаев

Алматыда полицейлер 11-15 қыркүйек аралығында қоғамдық орындарды ластаудың 257 дерегін анықтаса, оның 71-і – көшеге түкіргендер. Оларға 433 мың теңге айыппұл салынған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты