Теміртауда 2 жасар бүлдіршін екінші қабаттан құлап аман қалды

Сурет: видео скрині
Теміртауда екі жастағы бүлдіршін үйдің екінші қабатынан құлап кетті. Анасы басқа бөлмеде жүргенде бала жақтауға шығып, ашық тұрған терезеден ауып кеткен, сәбидің періштесіп қағып аман қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Десе де тыныс алу жолдарына зақым келіп, сол жақ жамбас сүйегі үгітіліп кеткен. Теміртау дәрігерлерінің қарауынан кейін ол шұғыл облыс орталығына жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, ота жасалған, қазіргі жағдайы орташа. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Оқыс жағдай түнгі сағат екі шамасында болған. Құтқарушылар көпқабатты үй тұрғындарына балаға мұқият болуды сұрайды. Өйткені облыс бойынша баланың биіктен құлау жағдайы жиілеген.

"Кішкентай бала бірнеше секундқа ересектердің қарауынсыз қалған жағдайда, терезеден құлағанда, көбінесе өмірімен үйлеспейтін жарақат алуы мүмкін. Бұл ересек адамдардың мұқият болмауынан. Бүгінде облыс аумағында балалардың терезеден құлауының 24 жағдайы тіркелген, екеуі өліммен аяқталды".Қарағанды облысы ТЖД қызметкері Әсем Қалдыбаева
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды