Сенатор медицина қызметкерлеріне бөлек тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынды

Сурет: primeminister.kz
Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай 21 қыркүйекте палатаның жалпы отырысында дәрігерлерді баспанамен қамтамасыз етудің жеке бағдарламасын әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бибігүл Жексенбай премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында медицина қызметкерлерінің түйткілді мәселелеріне тоқталды.
"Медицина қызметкерлерінің іс жүзінде 40 пайызынан адамының басында өз баспанасы жоқ. Сол себептен көбі жалдамалы пәтерлерде тұрады. Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша әскери қызметкерлер және басқа да әлеуметтік жағынан әлсіз топ өкілдеріне баспана алу мүмкіндігі бар, бірақ медицина қызметкерлеріне арналған жеңілдетілген несиемен үй алуға мүмкіндік беретін бірде бір қолжетімді бағдармала жоқ. Медицина қызметкерлері деген санатқа кіретіндерге бөлек тұрғын үй бағдарламасы несие жеңілдетілген несие беру туралы бағдарлама қабылдау мәселесін қарастыруды сұраймын", – деді сенатор.

Бұған қоса сенатор үкіметке мұғалімдердің еңбек демалысының ұзақтығын мысалға ала отырып, медицина қызметкерлерінің демалыс күндерін көбейтуді ұсынды. Қазіргі уақытта емханадағы медицина қызметкерлерінің жыл сайынғы еңбек демалысы еңбек жағдайына байланысты 36-дан 42 күнтізбелік күнге дейін созылады, сенатор бұл мерзімді ұлғайту қажет деп санайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды