Алматы полицейлері қоғамдық көлікте ұрлық жасаған 4 азаматты ұстады

Сурет: polisia.kz
Алматы полицейлері қоғамдық көлікте ұрлық жасаған 4 азаматты ұстады. Белгілі болғандай, 58 жастағы Б.есімді азамат 126-бағыттағы қоғамдық көлікке отырып, жолаушының қалтасынан ұялы телефонын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті қамауға алынды. Оның басқа да қылмыстық әрекеттерге қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Осы уақытта қаланың Әуезов ауданының полицейлері қалта ұрлығымен айналысқан тағы үш күдіктіні бір уақытта ұстады.

Сурет: polisia.kz

"Олардың бірі – Алматы облысынан келген 30 жастағы Н.есімді азамат. Ол жасөспірімнің телефонын ұрлап алған. Тағы бір қалта ұрысы – 30 жастағы А.есімді азамат дәл осы тізбекпен әрекет жасаған. Қоғамдық көлікте ол бөтен біреудің мобильді құрылғысын ұрлап, қашуға әрекеттенген. Қарт адамды тонаған жоғарыда аталған екі күдікті мен 35 жастағы Алматы тұрғыны ұсталды. Осы эпизодтар бойынша қылмыстық істер сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді". Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр

ҚР Қылмыстық кодексінің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек