Алматы тауларында осы айда екінші мәрте қар жауды

Сурет: pixabay
2023 жылы 22 қыркүйекте "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының Instagram-дағы парақшасында тау басында қыпылықтап жауған әппақ үлпек қардың видеосы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қыс жақындап қалды", делінген видео атауында. 

"Сүттей әппақ, ұлпадай мамық, тура қыс мезгіліндегідей, өте әдемі. Білесіздер ме, бұл осы айда түсіп тұрған екінші қар! Күздің басы қалай, ұнады ма? Қысты тағатсыздана күтіп тұрғандай ма?", делінген видео сипаттамасында. 


Айта кетсек, 5 қыркүйекте Қазнетте Алматы мен Алматы облысының тауларында жауған алғашқы қардың суреттері жарияланған болатын.

Алайда алматылықтарды алда күздің жылы күндері әлі күтіп тұр. "Қазгидрометтің" мәліметінше, алдағы жеті күннің барысында оңтүстік астанадағы ауа температурасы 24 градусқа дейін көтеріліп, күн жылы болады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған