"Басымнан теуіп жатқаны есімде қалыпты". Талғарлық дәрігер оқиғаның қалай болғанын айтты

Сурет: almaty.tv
Алматы облысы Талғар ауруханасында соққыға жығылып, кейін ауыр халде жансақтау бөліміне түскен дәрігерлер оқиғаның қалай болғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Алматы" телеарнасы хабарлады.

"Әлі де жағдайым ауыр, басым ауырады. Көзім мазалайды. Тұру да қиын болып тұр. Есімде қалғаны, әуелі басымнан ұрды, мен жығылғанда басымнан теуіп жатқан. Қалғаны есімде жоқ". Зардап шеккен дәрігер Нұрдәулет Евадилла
"Реанимация бөлімшесінен травматология бөлімшесіне ауыстырдық. Екінші әріптеске келесі аптада мұрнына ота жасау керек. Бет-жақ сүйектерін тексеріп, сосын ота туралы шешім қабылдаймыз". Талғар аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ғалымжан Есенәлиев

Ал осы жылдың тамызында Қарасай ауданындағы ауруханада жұмыс істейтін медбикені пышақтап өлтіріп кеткен еді. Жұмыс уақытында мекемеге оп-оңай кіріп, ойына келгенін істеген 42 жастағы күдікті қазір қамауда отыр.

"Сегіз жыл ішінде көп жағдай болды. Қонақүйден шақырту түсті. Қан қысымы көтерілген екен, дәрісін беріп, уколын салдым. Бір кезде жігіт қырындай бастады, ал қыз шашымнан жұлып, жерге итеріп жіберді. Олардың ойынша, біз бәрін істеуге міндеттіміз". №1 жедел жәрдем қосалқы стансасының фельдшері Сандуғаш Жұматаева
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты