Алматыда қоғамдық орындарда түкірген 100-ден астам адамға айыппұл салынды

Сурет: polisia.kz
Алматыда полицейлер қоғамдық орындарда рейд жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

5-22 қыркүйек аралығында қоғамдық орындарды ластаудың 234 дерегі анықталды. 103 жағдайда түкірген азаматтарға айыппұл салынды.

Осы деректер бойынша құқық бұзушылар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл сомасы 1 млн 770 мың теңге болды.

Жалпы жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластағаны үшін жалпы сомасы 84 млн 559 мың 500 теңгеге 4 902 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды