Хорватия азаматы Қазақстан арқылы есірткі заттарын тасымалдаған

Сурет: Zakon.kz
Көлік полицейлері ҚР ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, Қазақстан арқылы есірткі заттарын тасымалдаған Хорватия азаматын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның көлік полицейлері ҚР ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, Алматы – Ташкент бағытындағы жолаушылар пойызын патрульдеу кезінде қызметтік-іздестіру иті пойыз жолаушыларының біріне белгі берді.

Күдікті Хорватия Республикасының 61 жастағы азаматы болып шықты.

Ұсталған азаматқа жеке тінту жүргізу кезінде марихуана және гашиш есірткі заттары табылып, тәркіленді. Шетелдік есірткі заттарын сатып алғанын және оны жеке пайдалануы үшін сақтағанын түсіндірді.

"Аталған факті бойынша шетел азаматына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабының 1-бөлігі (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді".Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды