Әлемнің 20-дан астам елі коронавирус жұқтырғандар саны артқанын хабарлады. Бірақ Қазақстанда, Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, ауру көрсеткіші 2022 жылмен салыстырғанда 30 есеге жуық төмендеген. Сондықтан карантин қажет емес, жағдай бақылауда.
"Бүгінде шағымдармен келіп, ауруханаларда емделіп жатқан науқастар бар. Жұқпалы аурулар ауруханаларының толтырылу көрсеткіші небәрі 2%. Ел бойынша вакциналар бар, 200 мыңнан астам вакцина (Комирнати,Файзер,Синофарм) дозасы бар. Эпидемиологиялық жағдай жақсы болғандықтан, шектеу шаралары жоспарланып отырған жоқ", – деді Ажар Ғиният.
Тамыз айында ДДҰ әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны өскенін хабарлады. Ұйым COVID-19 әлі де қауіпті екенін атап өтті.