Қазан айынан бастап ақылы жолдардың тарифі қымбаттайды

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдардың тарифін 20%-ға өсіру жоспарына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 28 қыркүйекте ведомствода өткен брифингте Көлік министрлігінің басшысы ақылы жолдардың тарифін қайта қарастыру жоспары барын айтты. 

"Жалпы, ақылы жолдар құрылымында үш өзгеріс болады. Біріншісі - біз тарифті 20%-ға қымбаттатамыз. Екіншісі - біз оны АЕК-ке байлаймыз, жыл сайын АЕК-тің өсуіне байланысты тариф бағасы да көтеріледі. Үшіншіден, тек жүк көліктері үшін екі жолақты қозғалыстағы жаңа учаскелерді ақылы ету жағын пысықтап жатырмыз", - деді Марат Қарабаев.

Оның айтуынша, елімізде ақылы жолдар 2013 жылдан бастап пайда болды, содан бері, яғни  10 жыл ішінде тариф өзгермеген.

"Егер көрші Ресей Федерациясы, Еуропа елдерінің тарифтерімен салыстыратын болсақ, біздегі тариф әлдеқайда төмен. Бірақ бастысы Қазақстан транзиттік хабқа айналуда және Өзбекстан мен ҚХР-дан Ресейге және басқа елдерге тасымал көлемі, онда да автокөліктер арқылы ұлғая түсуде. Бұл жолдарға қосымша жүктеме түсіреді. Мақсат - ақылы ету есебінен тас жолдардың сапасын барынша арттыру", - деді Көлік министрлігінің басшысы.

Сондай-ақ ол Ресей Федерациясының шекарасынан Павлодарға, Павлодардан Қалбатау-Өскеменге, Қызылорда – Арал, Ақтау-Бейнеуге дейін және Ақтөбеден Оралға дейінгі екі жолақты жолдарды ақылы ету мәселесі талқыланып жатқанын атап өтті.

"Бұл тек жүк тасымалы үшін, аталған мәселе талқы барысында. Төлем автомобиль жүктемесіне байланысты 1 шақырым жолға есептеледі. Мысалы, жүк көліктері үшін, жалпы алғанда 15-тен 30 теңгеге дейін", - деп түсіндірді Марат Қарабаев.

Министрдің айтуынша, бүгінде Қорғастан Алматыға, одан әрі Қызылордаға дейінгі учаскелерде ақылы төлемдер бар, бұл "Батыс Еуропа – Батыс Қытай", Астана – Щутинск, Астана – Павлодар және Астана – Қарағанды учаскелері.

Министрдің айтуынша, бүгіндері Қорғастан Алматыға, одан әрі Қызылордаға дейінгі учаскелерде ақылы төлемдер енгізілген, бұл - "Батыс Еуропа – Батыс Қытай", Астана – Щучье, Астана – Павлодар және Астана – Қарағанды учаскелері.

Кейінірек Көлік министрлігі тарифтер ағымдағы жылдың 3 қазанынан бастап 4 жолақты ақылы жолдарда көліктің барлық түрлері үшін өсетінін хабарлады. Егер жеңіл көліктер бұрын 1 теңге төлеп келген болса, онда 3 қазаннан кейін 1 теңге 20 тиын төлейтін болады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: