Виза талаптарын жеңілдету және тікелей әуе рейстері: Тоқаев Шри-Ланка Президентімен не туралы сөйлесті

Сурет: akorda
Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президенті Ранил Викрамасингхемен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Кездесу барысында Мемлекет басшысы екі ел арасында өзара қолдауға және мазмұнды саяси диалогқа негізделген берік серіктестік қатынас орнағанын атап өтті.

Қазақстан Президенті сауда және инвестициялық байланыстарды одан әрі жандандыра түсу үшін үкіметтер деңгейінде пәрменді шаралар қабылдау қажет екеніне тоқталды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев виза режиміне қатысты шарттарды жеңілдету және екі ел арасында тікелей әрі тұрақты әуе рейстерін ашу маңызды екеніне назар аударды.

Тараптар халықаралық ұйымдар аясында, атап айтқанда БҰҰ деңгейінде өзара ықпалдастықтың маңызды аспектілерін талқылады.

Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентін келесі жылы өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды