Ақмола облыстық полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Сурет: polisia.kz
Полиция полковнигі Нұрсұлтан Мұқашев Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа бастықты жеке құрамға ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сөнтаев таныстырды.

Мұқашев 1977 жылы 22 шілдеде Қарағандыда дүниеге келген. ІІО-дағы қызметін 1998 жылы Қарағанды облысы ІІБ анықтау бөлімшесінің анықтаушысы қызметінен бастады.

Ол Қарағанды облысының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында түрлі лауазымдарда болған. 2010-2020 жылдары Қарағанды қаласы ІІБ Михайлов полиция бөлімін, Саран қаласы ІІБ, Қарағанды қаласы ПБ, Шахтинск қаласы полиция бөлімін басқарды. Сондай-ақ Астана қаласы полиция департаменті бастығының орынбасарын лауазымында болған.

Бұған дейін Ақмола облысы полиция департаменті бастығының орынбасары болып қызмет атқарған.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз