Риддердегі ЖЭО жұмысы тағы тоқтатылды

Сурет: ШҚО баспасөз орталығы
Риддер жылу электр орталығында 27 қыркүйекте іске қосылған №3 қазандық қайта тоқтатылды. Әкімнің айтуынша, жабдық қосымша сынақтан өткізу қажет, деп хабарлайды Zakon.kz.

Риддер қаласының әкімі Дәулет Батырбаевтың хабарлауынша, 2 қазан күні кешке 27 қыркүйек күні іске қосылған қалалық жылу электр орталығында №3 қазандығы қайта тоқтатылды. Өйткені жабдықты қосымша тексеру қажет болған.

"Ережеге сәйкес, күрделі жөндеуден өткен электр станцияларының жабдықтары 48 сағат ішінде жүктеме кезінде қабылдау-тапсыру сынақтарына жатады. Жабдықты кешенді сынау негізгі жабдықтың қалыпты жүктемесі және жылу электр станциясы үшін будың жобалық параметрлері (газ турбиналық қондырғылар үшін) бар негізгі отынмен 72 сағат ішінде қалыпты және үздіксіз жұмыс істеуі жағдайында судың қысымы мен шығыны кезінде жүргізілді деп есептеледі", – деп түсіндірді Дәулет Батырбаев.

Әкім осы жағдайға байланысты авариялық жағдайларды алдын алу үшін қазандық агрегаты қосымша тексеруге тоқтатылатынын ескертті. Оның сөзінше, бұған екі күн уақыт кетуі мүмкін.

Бұл хабарландыруға қала тұрғындары наразылығын білдіріп жатты. Олардың сөзінше, әкімдік мұндай ескертпені қалалықтар әлеуметтік желіде наразылығын білдірмей тұрып, ыстық суды өшіретіннің алдында айтуы керек еді.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Алина Чистякова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды

2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру грант иегерлерінің тізімі жарияланды