Баласына қан құйғызудан бас тартқан ерлі-зайыптыға қылмыстық іс қозғалды

Сурет: pixabay
Баласына қан құйғызудан бас тартқан ерлі-зайыптыға қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрінің орынбасарының айтуынша, қазір тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соның нәтижесіне қарай марқұм сәбидің ата-анасымен қоса дәрігерлер де жауапқа тартылуы мүмкін екен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

"Бұл дерек сотқа дейінгі тергептексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі таңда қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша дәрігерлердің және ата-ананың әрекеттеріне баға берілетін болады. Бастапқы деректерге сәйкес, баланың ата-анасы белгілі бір діни ағымды ұстанады. Сол себептен олар қан құйғызуға қарсылық білдірген. Өлімнің себебін анықтайтын сот-медициналық сараптама тағайындалды".ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысы балалар ауруханасында ата-анасы науқас сәбиіне қан құйғызудан бас тартқанын хабарлаған едік. Дәрігерлер қан құймаса, баланың жағдайы нашарлай беретінін әке-шешесіне ескерткен. Ал ерлі-зайыпты мұның діни ұстанымына қарама-қайшы екенін айтып, рұқсатын бермей қойған. Дәрігерлердің сөзінше, "Йегова куәгерлері" ағымындағы ата-ана "біздің дін бойынша қан компоненттерін құю өмірді құюмен тең" деп жауап берген. Артынша, науқастың жағдайы күрт ауырлап, ауруханада жан тапсырған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

ҰҚК Алматы әуежайында тыйым салынған "өсімдікті" тасымалдаған шетелдік бойжеткенді құрықтады