"Әйеліне тіл тигізген". Павлодарда танысын өлтірген ер адам сотталды

Сурет: Zakon.kz
Павлодарда танысын өлтірген ер адам сотталды, сотталушы қылмысты мас күйінде жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, биыл сәуір айында көшелердің бірінде ер адам танысының әйеліне тіл тигізген. Ал күйеуі бұған ашуланып, жиналмалы пышақпен танысына үш рет соққы жасаған. Танысы қан жоғалтып, оқиға орнында қайтыс болған. 

Айыпталушы жасаған қылмыс аса ауыр қылмыстардың қатарына жатады және 8-ден 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. 

Сотта ол өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінді.

"Сот жеңілдететін және ауырлататын жағдайларды ескере отырып, ер адамды ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша 8 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады", - делінген үкімде. 

Жәбірленушінің азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енбеді.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

ҰҚК Алматы әуежайында тыйым салынған "өсімдікті" тасымалдаған шетелдік бойжеткенді құрықтады