БҚО-да ардагерлерге құрмет көрсетілді

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Жақында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев еңбек ардагерлерімен кездесті.

Бүгіндері Орал өңірінде егде жастағы 93 463 адам бар. Олардың 14-і Ұлы Отан соғысының ардагері, 2753-і тыл ардагері.

"Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекет тарапынан жасалып жатқан реформаларды насихаттауда, зиялы қауымның,оның ішінде ақсақалдардың рөлі ерекше екенін атап өтті. Ардақты ардагерлердің өмірі жолы – өнеге мен тағылым мектебі. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында "Қазақстан –біздің жалғыз ғана Отанымыз. Оның іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы түгел болуы өз қолымызда. Бабалардан қалған ұлан-ғайыр жерді өркендету –біздің перзенттік парызымыз" деді. Осы жолда қазақ халқы үшін қариялардың ақыл-кеңесінің, тәлім-тәрбиесінің маңызы зор", – деп атап өтті облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Бергеннің айтуынша, өңірдегі ҰОС ардагерлері мен тыл ардагерлері туралы ақпарат жиналып, дерекқор жасақталған. Сондай-ақ облыстық ардагерлер кеңесінің осы уақытқа дейін 300-ге жуық бастауыш ұйымы құрылған. Биыл ардагерлер арасында өткен ІІІ облыстық спартакиадаға 200-ден астам қария қатысқан.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Өңірде ардагерлерге әлеуметтік және материалдық қолдау үнемі жасалып тұрады. Облыс әкімінің айтуынша, биыл 4 522 адамға әлеуметтік көмек көрсету жоспарланса, жыл басынан бері 450 –ден астам зейнеткер тұрғын үймен қамтылған.

Басқосуды түйіндеген облыс әкімі Нариман Төреғалиев аудан әкімдеріне қоғамдық іс-шараға белсене қатысып жүрген ардагерлер ұйымының төрағаларына "Ақжайық" шипажайына жолдама беруді тапсырды. Сондай-ақ алдағы жылы Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай, ауған соғысы ардагерлеріне 100 000 мың теңге көлемінде біржолғы көмек беру жоспарланғанын мәлімдеді.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Кездесу соңында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген бір топ ардагерге БҚО-ның "Құрметті ардагері" төсбелгісін табыстады.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты