СІМ Палестина-Израиль қақтығысына байланысты мәлімдеме жасады

Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Палестина-Израиль қақтығысына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан тарапы көп бейбіт тұрғынның қаза болуына әкеп соққан Палестина-Израиль қақтығысының өршуіне алаңдап отыр. Тараптарды ахуалды бейбіт жолмен шешу үшін саяси құралдар іздестіруге және тек екі мемлекет арасындағы емес, жалпы Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі ушығуына әкелуі ықтимал іс-әрекеттерге бармауға шақырамыз".  Сыртқы істер министрлігі

Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі азаматтарымызбен тұрақты байланыста екенін мәлімдеді.

"Елшіліктің жедел байланыс арнасы ашылып, Қазақстан азаматтарына елге оралу үшін одан әрі көмек көрсету мақсатында олардың тізімі жасалып жатыр".

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз