ӘМСҚ басшысы Әбілқайыр Сқақов: Медициналық тәжірбиені COVID-19-бен күрескен кезде жинадым

Сурет: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
9 қазанда Павлодар облысының экс-әкімі Әбілқайыр Сқақов Мәжіліс кулуарында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер Әбілқайыр Сқақовтан: "Медициналық тәжірибенің жоқтығы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы ретіндегі жұмысқа кедергі келтірмей ме?" деп сұрады.

"Мемлекеттік қызметте жүргеніме 28 жыл болды, тәжірибем бар – екі жарым жыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығында жұмыс істедім. Осыдан кейін әкім болып тағайындалуым бірден күрделі мәселемен тұспа-тұс келді – коронавируспен күресу, мен сонда тәжірибе жинақтадым", – деді Әбілқайыр Сқақов.

Оның айтуынша, ӘМСҚ денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз етумен айналысатын қаржы институты болып саналады.

"Жалпы алғанда, бұл тәжірибе бізге Денсаулық сақтау министрлігімен, медицина қауымдастығымен және сарапшылармен бірлесіп, депутаттардың барлық сыни ескертулерін ескере отырып, бар проблемаларды шешудің нақты жоспарын әзірлеуге мүмкіндік береді деп ойлаймын". – деді Әбілқайыр Сқақов.

Павлодар облысының экс-әкімі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын 21 қыркүйекте басқаруға кірісті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді