Тоқаевқа Қызылорда әуежайындағы 20 млрд теңге жұмсалатын жолаушылар терминалының құрылысы жөнінде баяндалды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында облыс әкімінің "Қорқыт ата" әуежайындағы жаңа терминал құрылысы туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

10 қазанда Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев президентке облыс орталығының әуежайындағы жаңа жолаушылар терминалының құрылысы барысын баяндады. Ол жаңа терминал жеке демеушінің қаражатына салынып, кейін мемлекет меншігіне өткізілетінін айтты.

Сурет: akorda.kz

Жоба құны – 20 миллиард теңге. Оның ішінде 15,7 миллиард теңге – демеушінің әуежай құрылысы үшін бөлген қаржысы. Сондай-ақ жергілікті бюджеттен әуежайдың сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жүргізу үшін 4,3 миллиард теңге қаржы бөлінген.

"Халықаралық стандартқа сай болатын әуежайда жолаушыларға қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалады. Жаңа терминал келесі жылы пайдалануға беріледі. Нысан қолданысқа берілгеннен кейін бір сағатта 250 жолаушыға қызмет көрсете алады. Түрлі бағыттарға ұшатын әуе рейстерінің саны артады", – делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұдан бөлек, облыс әкімі Қызылорда қаласында заманауи үлгіде салынып жатқан автобекеттің биыл жыл соңында іске қосылатынын және қаланың теміржол вокзалына да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. 

Қызылорда
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі