50 жастан асқан қазақстандықтар жұмысқа орналасу үшін жаңа дағдыларды тегін үйрене алады

Сурет: pexels
Арнайы бөлім бір ай бұрын ашылды, осы уақыт ішінде оған 2,9 мыңнан астам адам тіркелді, олардың 2,1 мыңы оқып, сертификат алды.

"Күміс жас" жобасы аясында 50 жастан асқан қазақстандықтар одан әрі жұмысқа орналасу үшін Skills Enbek платформасында жаңа дағдыларды тегін үйрене алады. Мүгедектігі бар азаматтардың жеке көмекшісі болғысы келетіндер және мүгедектігі немесе созылмалы ауруы бар отбасы мүшесімен бірге еріп жүретіндерге арналған кәсіптік курстар бұл санаттағы азаматтар арасында көбірек сұранысқа ие.

Сонымен қатар Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігінің мәліметінше, жобаға қатысушылар бройлер балапаны мен жылыжайларда лимон өсіру, ара шаруашылығы және тағы басқа курстарды оқуды жөн көреді.

"Skills Enbek платформасындағы "Күміс жас" қосымша бетінде ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы, қаржы, білім беру, әлеуметтік қызмет көрсету, маркетинг және туризм сияқты бағыттар бойынша 120-дан астам курстар бар. Пайдаланушыларға курстан өткені туралы сертификат беру көзделген. Ол Enbek.kz порталындағы түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Жұмыс беруші жұмыскерді іздеген кезде ізденушінің түйіндемесінен сертификаттары мен алған дағдыларын көре алады".Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды