Атыраулық полицейлер есірткі және бекіре балығын сақтаған күдіктіні ұстады

Сурет: polisia.kz
Атыраулық полицейлер есірткі және бекіре балығын сақтаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

23 қыркүйек күні сағат 10:15 шамасында Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері 30 жастағы қала тұрғынының мекенжайын тінту кезінде синтетикалық препараттарға ұқсас кристалл тәрізді заты бар 1 полимерлі ZIP-пакет және салмағы 1 келі болатын бекіре балығы тәркіленді.

Сонымен қатар қара-жасыл түсті өсімдік тектес заты бар бір газет бумасы және марихуана, пластикалық темекі шегетін бөтелкеге ұқсас зат анықталды.

Сот-медициналық сараптама бойынша тәркіленген заттар 0.95 грамм болатын мефедрон синтетикалық есірткісі екені белгілі болды, сондай-ақ күдікті 30 жастағы азамат және пәтер ішінде болған 26 жастағы азаматшадан психостимуляторларды қолдану дерегі мен мефедрон метаболиттері және масаң күйде болғандары дәлелденді. Айта кетейік, 1993 жылғы күдікті бұрын сотты болған.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәкес жариялануға жатпайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды