Павлодарда мектеп асханасындағы тамақтан құрт шықты: директор сөгіс алды

Сурет: pixabay
Павлодарда мектеп асханасындағы тамақтан құрт шықты, осы жағдайдан кейін директор сөгіс алды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдралиннің айтуынша, М.Әуезов атындағы орта білім мектебінің директорына сөгіс алды. 

"Мұндай шара мектептегі тамақтану мәселесін дұрыс бақыламағаны үшін қабылданды. Асхананы жалға алушымен келісімшарт бұзылмады". Қуаныш Қыдралин

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ботқаның ішінде құртты тапқан оқушының анасы шағым жазудан бас тартқанын хабарлады. Ал департамент өтінішсіз өздігінен тексеріс жүргізе алмайды. Департаментке мектеп директорының атынан жеке кәсіпкерге өтініш келіп түсті. Ары қарай бұл өтініш облыстық ҚР Бас прокуратурасының ҚСжАЕК органдарында тіркелгеннен кейін, тексеріс жүргізілетін болады.  

Еске салайық, әлеуметтік желіде мектеп асханасында берілген ботқа мен котлеттың ішінде құрты бар фото таралып кетті. Мектеп әкімшілігі бұл жағдайды растады, бірақ-та пісірілген ботқаның жармасы бұзылмағанын атап өтті.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды