Жетісу облысында несиесін төлей алмаған зейнеткер өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Сурет: pixabay
Жетісу өңіріндегі банктердің бірінде зейнеткер несиесін төлей алмағандықтан өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Бұл жөнінде Zakon.kz сайтына облыстық полицейлер хабарлады.

Бұл жағдай әлеуметтік желі арқылы жария болды.

"Күндіз Абылай хан көшесіндегі банк бөлімшелерінің бірінде әйел қолын ұстараның жүзімен тілгілеген. Оған несиені төлей алмауы себеп болған", – делінген хабарламада.

2023 жылғы 13 қазанда полиция бұл ақпаратты растап, 74 жастағы әйелдің сол жақ білегі тілінгенін анықтады.

"Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді, онда қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін науқасқа амбулаторлық емдеу ұсынылды. Қалалық полиция қызметкерлері жарақаттың себебі мен барлық мән-жайды анықтап жатыр". Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі

Сондай-ақ полиция өкілі ҚР ҚК 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге оқталу") бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол облыстық департаменттің бақылауына алынғанын мәлім етті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды