"Дүкендегі кезекке таласып қалған". Қарағандыда ер адам жасөспірімді пышақтап қашып кеткен

Сурет: pixabay
Қарағандыдағы дүкендердің бірінде ер адам кәмелетке толмаған баланы пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға азық-түлік дүкенінде болған. Куәгерлердің айтуынша, кәмелетке толмаған жасөспірім мен досы кассада кезекте тұрған. Бір кезде дүкенге бір ер адам кіріп, кезексіз төлем жасамақ болыпты Осы кезде кезек күтіп тұрған жасөспірімдер мен ер адам арасында кикілжің шығып, ер адам жасөспірімдердің бірін пышақтап қашып кеткен.

Қарағанды ​​облысы полиция департаменті ақпаратты растады. ПД бастығы Санжар Әділовтың айтуынша, күдікті анықталып, ұсталған.

"Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы екі жас жігіттің сауда орнында болғанын анықтады. Осы жерде олар мен белгісіз ер адам арасында жанжал туындап, сол кезде ер адам жігіттердің бірін пышақтап, із-түзсіз жоғалып кеткен. Жәбірленуші емдеу мекемесіне жатқызылды". Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің басшысы Санжар Әділов

Бейнекамералардың көмегімен полицейлер күдіктінің қайда кеткенін анықтаған.

"Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 53 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр". Санжар Әділов
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады