ҚР Ішкі істер министрлігі: Қазақстанда қыз алып қашқандар қатаң жазаға тартылуы мүмкін

Сурет: pixabay
17 қазанда өткен үкіметтің брифингінде Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха Қазақстанда қыз алып қашқандарға жаза күшейтілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Журналистер бұған дейін Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев қыз алып қашқандарға жазаны қатаңдатуды ұсынғанын атап өтті. БАҚ өкілдері Ішкі істер министрлігінен "Осы бағытта қандай да бір жұмыстар атқарылып жатыр ма?" деп сұрады.
"Бүгінде бізде "Заңсыз бас бостандығынан айыру" деген бап бар. Әдетте, бұл салт-дәстүрлік іс-шара екенін білеміз және олар өзара келісім бойынша үйленеді. Мен қазір статистиканы атай алмаймын, бірақ бізде осы бап бойынша қозғалған істер бар", – деп жауап берді Игорь Лепеха.
Ол омбудсменнің бастамасынан хабардар екенін айтты.
"Бұл бастама жайында білемін, егер ол қазір Мәжілісте талқыланса, біз оған қуана қатысамыз, мәселе өзекті, халықаралық ұйымдардың барлық баяндамаларында бұл мәселе бізге шағым ретінде беріледі. Олар салт-дәстүрді біле бермейді, мұндай дүниелереді түсінбейді. Бәлкім, менталитетті ескере отырып, бұл мәселенің кей тұстарын түзетуге болар, өйткені дәстүрді жамылып, шынымен азаматтардың конституциялық құқығын бұзады", – деп түйіндеді сөзін вице-министр.

4 тамызда Қазақстанда қыз алып қашқандарға жазаны күшейту жоспарланғаны белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады