"Қатты жел тұрып, тұман түседі". Еліміздің бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Сурет: pixabay
18 қазанда еліміздің бес облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Оралда күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан 18 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды деп болжанады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 

Түнде Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі. 

Түнде және таңертең Қостанай облысының оңтүстік шығысында тұман болады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Астана әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды