Ажар Ғиният Қазақстанда балаларға темекі сатуға тыйым салынғанын еске салды. Дүкендерде ашық көрсетуге де тыйым салынады.
"Ересектің аты - ересек. Олар өз бетінше шешім қабылдайды. Ересектер үшін де біз профилактикалық шараларды қолдандық - ТМД елдерінде алғашқылардың бірі болып "қорқынышты жағдайлар" деп аталатынды, аурулардың қаупі туралы ескертетін суреттері бар ескерту белгілерін енгіздік. Ал балалар әлі де көп нәрсені түсінбейтіндіктен және денсаулығына қауіп төндіретінін алдын ала саралай алмайтындықтан оларға қатаң тыйым салу шаралары бар (біз оларға вейпинг бойынша тыйым енгізгіміз келеді – Ред.), - дейді Денсаулық сақтау министрі.
Сонымен бірге ол "Денсаулық сақтау министрлігі жазалаушы немесе бақылаушы орган емес" және кейбір сарапшылар ұсынатындай вейпингке қатысты шектеу шараларының сақталуын реттей алмайтынын атап өтті.
"Вейптерге келсек, оған кальян сияқты (қоғамдық орындарда қолдануға - ред.) тыйым салу жұмыс істемейді. Вейптер туралы бүгінде ғылым былай дейді: оның балаларға төнетін үлкен зардабы бар, өкпесі құртылады. Вейпте химиялық заттар көп, қайсысы қандай органға нендей зиян келтіретіні әлі зерттеліп болмаған", - деді министр.
Ал журналистер ересектердің де вейп тартатынын еске салды. БАҚ өкілдері "Қазақстан билігі вейпке тыйым салу ұсынысымен ересектерді таңдау құқығынан айырмай ма?" деп нақтырақ сұрады. Оған министр Ажар Ғиният қысқаша жауап берді: "Деніңіз сау болады! Бәрі сау болады. Мен әйелдердің еркектерге қарағанда темекі көп шегетінін байқадым. Барлық жерде темекі тартатын әйелдер бар. Ал сіздің артыңызда ұлт денсаулығы, халықтың денсаулығы тұр".
29 шілдеде Қазақстанның вейпингке толық тыйым салғысы келетіні хабарланды.