Қызылорда облысының тұрғыны есірткі сақтағаны үшін 11 жылға сотталды

Сурет: polisia.kz
2023 жылғы қаңтар айында көлік полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі құралдарын өткізу мақсатында заңсыз сақтады деген күдікпен Қызылорда облысының 57 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрғылықты жерін тінту барысында ұсталған азаматтан жалпы салмағы 9 келі 824 грамм болатын кептірілген марихуана заты табылып, тәркіленді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3 тармағына ("Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау") фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімімен күдікті 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, осы жылдың 9 айында еліміздің көлік полицейлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 317 есірткі құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 27 өткізу фактісі, 25 аса ірі мөлшерде сақтау және 5 контрабанда. Заңсыз айналымнан 443 келіден астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды